Мирас Асан. Сезім болжамы

Oinet.kz 14-08-2020

Бұл сағыныш бере қойсын неге өткел?

Сені ойлап ем кетті өзгеріп кенет бел...

Сен жайлы өлең күнтізбеге өзгеріс,

Сен жайлы ойлар күн райына себепкер.

image.png

Бүгін тымық түн болмақшы ең жайлы,

Ертең бұлттар сені ғана сомдайды!

Сен үшін қыс биыл ерте кетіпті,

Сен үшін құс қанатын кеш қомдайды!

Біз екеуміз кешкен мұңды сәтті ойлап,

Құбылмалы күрт өзгеріп кетті аймақ.

Сен мұңайсаң - қар жаууы ықтимал,

Сен жыласаң - жүректерде көктайғақ...

Күндіз ашық бірқалыпты қалпым нық,

Бір дауылға ұласты ұшып жан-түндік...

Сен күлмесең - алабұлтты бұл маусым,

Сен күрсінсең - сүмбіледе салқындық...

Шын сезімнің құпиясы көп еркем,

Ауа-райы сенің қимыл, көлеңкең.

Менде бәрі жақсы дейсің хатыңда,

Жауын-шашын күтілуде неге ертең?

Мирас Асан. Жасанды көл
Мирас Асан. Тағы әдепкі кездесу жайша қысқа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×