Махамбет Өтемісұлы. Тайманның ұлы Исатай

Oinet.kz 16-08-2020 1066

Арғымақтан туған қазан ат,

Шабуыл салса нанғысыз.

Қазан аттан туған қаз мойын,

Күніне көз көрінім жер шалғысыз.

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгін салғысыз.

Аруанадан туған мая бар,

Асылын айуан десең нанғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Жарамды бір теріге алғысыз.

Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді;

Исатайды өлтіріп,

Қырсық та шалған біздің ел!

Махамбет Өтемісұлы. Әй, Махамбет, жолдасым
Махамбет Өтемісұлы. Бағаналы терек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу