Ертегі. Үш жалқау

Oinet.kz 16-07-2020 1067

Ертеде бірінен  –  бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру екен. 

Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау: 

– Е... құдай, мына өріктер піссе, - депті. 

    Екіншісі: 

– Ауызға келіп түссе, - депті. 

Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп: 

 – Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті.

Ертегі. Сауысқан мен көкек
Жанна Елеусіз. Сен де бөтен. Мен де саған бөтенмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу