Ботагөз Бексары: Сағыныш...

Oinet.kz 21-08-2020

Қадіріңді арттырғам шын,

Азапты әбден тарттырғансың, Сағыныш!


Сиқырың бар бір керемет,

Жантаясың іргеме кеп,

Сағыныш!


Сезші жүрек дүрбелеңін,

Айтарым көп. Үндемедім,

Сағыныш!


Мөлдір мұңым молайғалы,

Айналаңды маңайладым,

Сағыныш!


Алдайсың-ау ақ тілекпен,

Сенің дәмің тәтті неткен,

Сағыныш!


Сен өмірдің мәнісің бе?

Мұңым... күлкім - бәрі ішіңде,

Сағыныш!


Сенсің бе, әлде, өмір деген,

Пайда болсаң көңілденем,

Сағыныш!


Бірге туған Көлеңкемсің,

Жанымда бол өле-өлгенше,

Сағыныш..!


Ботагөз Бексары: Ұйқысыздық...
Ботагөз Бексары: Сезермісің?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу