Ілияс Есенберлиннің махаббат туралы айтқандары

Oinet.kz 22-08-2020 941

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің махаббат туралы айтқан сөздерін ұсынамыз. 

МАХАББАТ жайлы кітаптар тізімі.. | Жулдыз Абен | ВКонтакте

- Шын ғашық жамандыққа бармайды. 


- Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді. 


- Адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ. Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын жақсы көрген ана баласы үшін жан қиюдан тайынбайды. Бұл – табиғат заңы. Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан. Сондықтан да, махаббаттың алдында кім болса да әлсіз, амалсыз.


- Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма?


- Меніңше, бұл өмірде махаббаттан асқан қазына жоқ. 


- Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да, бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада құрып бітер еді.


- Махаббатсыз өмір өмір ме?


- Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты. 


- Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты. 


- Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады. 


- Махаббатсыз болашақ жоқ. Махаббат – адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі. 


- Адам біреуді сүйер болса, оны кәусар суындай таза, гауһар тас сәулесіндей мөлдір ләззатпен сүюге тиісті. Сөйтсе ғана ол өзінің де, жақсы көрген адамның да арман мүддесін адал сақтайды, кір жұққызбайды. 


- Аққуды атуға, махаббатты қорғауға болмайды! Махаббат әні – аққу әні. Оның сұлу ырғағын естудің өзі адамның өмірдегі бір тәтті арманы емес пе?! Әрине, аққуды ататындар да, махаббатты қор ететіндер де табылады. Бірақ олар дүниенің қызығын, сәнін түсінбеген бейшаралар. Олар үшін махаббат әні – аққу әні салынбайды. Ал қор болған махаббат зары – жаралы аққудың соңғы әні. Оның мұңына, оның зарына елжіремеген жүрек – ол жүрек емес. 


- Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың. 


- Жүректі шын күйдірсе, махаббат азабының өзі де бір қуаныш емес пе? Иә, зор қуаныш. Өйткені жүрек күю үшін шын махаббат, зор махаббат керек. Ал, ондай махаббат жаныңа қанша азап салса да – қуаныш, бақыт.


- Махаббатта тұрақсыз болу – үлкен күнә. 

Ыбырай Алтынсарин. Талаптың пайдасы
Ілияс Есенберлин: Ақ қайың
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу