Ақан Сері Қорамсаұлы‎. Қараторғай

Oinet.kz 24-04-2020 758

Ақан серіні жын иектегені рас па? / Марфуға Шапиян

Келеді қараторғай қанат қағып,

Астына қанатының маржан тағып.

Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,

Айрылдым қапылыста сенен нағып.

Қараторғай,

Ұштың зорға-ай.

Бейшара, шырылдайсың,

Жерге қонбай.

Ертістің аржағында бір терең сай,

Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.

Ағаштың бұтағына қонып алып,

Сайрайды, таң алдында қараторғай.

Қараторғай,

Ұштың зорға-ай.

Бейшара, шырылдайсың,

Жерге қонбай.

Ақан Сері Қорамсаұлы‎. Жаман әйелдің сипаты
Ақан Сері Қорамсаұлы‎. Жігіт сипаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу