Ақан Сері Қорамсаұлы‎. Алтыбасар

Oinet.kz 24-04-2020 749

Ақан серіні жын иектегені рас па? / Марфуға Шапиян

Ей, қалқа, жан туған жоқ сенен асар,

Бұл түнде кетіп сәулем, халім нашар.

Айрылып сенен, сәулем, қайтқан түні,

Әніне бір басайын, Алтыбасар.

Ей, қалқа, жүруші едің күліп-ойнай,

Ойнаушы ең өзің тиіп ерікке қоймай.

Жігіттер жалған жардан үміттенбе,

Кететін басқаменен сертте тұрмай.

Келуші ем кеш болғанда көңілім түсіп,

Ежелден қадырлестік бірге өсіп.

Астынан ақсаңлақтың аттандырып,

Қалушы ең қолды қысып, есендесіп.

Ақан Сері Қорамсаұлы‎. Ләйлім
Ақан Сері Қорамсаұлы‎. Көңіл сыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу