Фариза Оңғарсынова өмірбаяны

Oinet.kz 28-08-2019 7623

Screenshot_4.jpg

     Фариза Оңғарсынова (1939-2014)

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл)- қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004). 

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

 Қызмет жолы:

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

1966–1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

2000-2004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.

 Әдеби шығармашылығы:

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

 Шығармалары: 

Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966;

Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;

Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;

Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;

Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975;

Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976;

Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;

Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978;

Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978;

Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979;

Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980;

Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980;

Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983;

Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984;

Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985;

Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984;

Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985;

Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987;

10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.

 Марапаттары:

«Құрмет белгісі» (1976)

«Парасат ордені» (1996)

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).

Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985).

Қазақстанның халық жазушысы (1991).

Қазақстанның халық ақыны.[3]

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 Отбасы:

Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын.

Анасы - Иманғалиева Қалима.

Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж туған ).

Немерелері - Анита (1987 жылы туған ), Алан (1996 жылы туған ), Әнел (1999 жылы туған ).

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылық жолы
Жамбыл Жабаев өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу