Сұлтанмахмұт Торайғыров. Дін

Oinet.kz 02-09-2019 1586

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Дін деген — өтірікке нану деген,

Көңілге енбес қиял алу деген.

Қиямет күн ғарасат майданына

Өлген адам тіріліп бару деген.

Хор қызын жиырма бестен алу деген,

Мәңгілік, өлмей-жітпей қалу деген,

Өлмейтін, қартаймайтын жайға апарып,

Пендесін басқа күйге салу деген.

Дозақта күнәлілер жану деген,

«Кәпірді» зор азапқа салу деген.

Мұсылманнан басқаның бәрі иттей боп,

Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген.


Бұл — молданың өтірігіне сену деген,

Жетегіне соқырдың еру деген.

Алдамшының алдаған сөзіне еріп,

Қолда барын сыпырып беру деген.


Өлген адам тіріліп келу деген,

Қартаймай, өлмей тірі жүру деген,

Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ,

Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген;

Жұмаққа қазақ қана кіру деген,

Ол сырды қожа-молда білу деген —

Ежелгі надандықтың кесірі ғой,

Ғылымға бой ұсынбай іру деген.

Миға кірмес өтірік сөз емес пе,

Мұның бәрі — бос мылжың үру деген.

Мұқағали Мақатаев. «Өтініш»
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Дозақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу