​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Достыма

Oinet.kz 02-09-2019 907

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұлтты кетір ойыңнан,

Жазды шығар бойыңнан.

Ақылың болса айныма,

Өз жасаған тойыңнан.

Бәрі қызық мереке,

Ашуланба, ереке.

Өз қақпаңды аштың деп,

Кім қылады келеке?

Кімде жазық ойласаң,

Өкпелеймін қоймасаң!

Баяғы түрге бір келіп,

Мен разы ойнасаң.

Қапаға жоқ тіпті жөн,

Ақылың болса сөзге көн.

1914

Мұқағали Мақатаев. «Токарьдің соңғы сөзі»
Мұқағали Мақатаев. «Қайран жандар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу