​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жаңғырып Алтай тауы саласынан

Oinet.kz 02-09-2019 1205

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жаңғырып Алтай тауы саласынан,

Майысқан ағаш, шөптер арасынан.

Деді маған тырысып құтылмасаң,

Сахраның б...іздейсін даласынан.

Телміріп бар өмірінде жемтік жеген

Қарғаның жаман-ақсың баласынан.

Онан да талаптанып, қолың созып,

Алланың несібеңді ал панасынан.

Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,

Тұрмысты алып соқшы жағасынан.

Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі

Махмұттың Әбдікәрім ағасынан.

1914

Мұқағали Мақатаев. «Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем»
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жапырақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу