​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ләнет бұлты шатырлап

Oinet.kz 02-09-2019 808

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ләнет бұлты шатырлап,

Жай түсіп неге қатпаймын?

Жер жарылып сатырлап,

Түбіне неге батпаймын:

Ит, құсқа бас игізген,

Көкейімді күйгізген,

Дүниеден ләззат таппаймын.

Көрмегенді көріп бас,

Заһар болып ішкен ас.

Қапаланған көңілден,

Төгіле-төгіле қанды жас.

Дүние бәрі у екен,

Мені алдайтын қу екен.

Өткізген өмірім бұл күнгі,

Пайдасыз қызу ду екен.

Білімсіз талант тас екен,

Өмірің үшін қас екен.

Далақтап шапқан бай ұлы

Тоқтаса, көзі жас екен.

1914

Мұқағали Мақатаев. «Қыс келген күні»
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мағынасыз мешіт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу