​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Маңайымнан әрмен кет

Oinet.kz 02-09-2019 785

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Маңайымнан әрмен кет,

Жанды қуыршақ, арам ет.

Білдірместен астыртын

Алдап едің көз құртын,

Құр бояма қызыл бет.

Анадай тұрып қарасам,

Жанды ерітер жандайсың:

Жуып кетсем маңыңа

Екі аяқты малдайсың.

Сондай бола тұрып та

Өз-өзіңе қандайсың.

Бір көрмеге асылсың,

Көл көрмеге масылсың.

Тек ішіп-жеп жүк тартар

Сарттар мінген қашырсың.

Не сөйлерге тілің жоқ,

Не сөз ұғар білім жоқ,

Саған кімдер бас ұрсын?

Бірақ жазық қазақта:

Ұлы-қызы мазақта.

1915

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мағынасыз мешіт
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. М....ға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу