​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мұның аты өш алу

Oinet.kz 02-09-2019 783

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Өлеңім айт дегенде

                            шырылдаған,

Ісімнің бәрі түгел қырындаған.

Қолымда, қалай қылып

                            қорласам да,

Кешегі қызыл қаншық

                            ырылдаған.


Шақпасам, бит болмаймын,

Үрмесем, ит болмаймын.

Қасымаса бит те қоюшы еді,

Үндемесе ит те қоюшы еді.


Жаман жалданса

Қалай жүрерін білмей,

Әкесінің басын жара жаздайды.

Әйелін көрсетем деп,

Абыройын шашып,

Артын аша жаздайды.


1914

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мұқышқа
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мұңдылардың жолыққаны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу