​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Намаз

Oinet.kz 02-09-2019 854

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Күнбатысқа үңіліп,

Қол қусырып, бүгіліп.

Созғыла, сопы, денеңді

Бір тұрып, бір жығылып.

Аузыңды жылдам күбірлет,

Ұзаққа созып көбірек.

«Үлкен ғалым молда екен» —

Десін надан төңірек.

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Мысал
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Неге жасаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу