Мұхтар Шаханов. Кешікпей келем деп ең

Oinet.kz 02-09-2019 1548

Screenshot_6.jpg

Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың, арайлым

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен.

 Қайтемін кінәлап бұған сені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде,

Уәделі кезіңде

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен.

 Көшеде сырласып, шалқып басып,

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен.

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Айтыс
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Кедей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу