Мұхтар Шаханов. Биге неге шақырмадың?

Oinet.kz 02-09-2019 1121

Screenshot_6.jpg

Бірінші рет сені тойда көріп ем,

Күлімсіреп маған сәлем беріп ең.

Неге екенін мен өзім де білмеймін,

Орын алдың жүрегімнің төрінен, сәулетай.

Үміт оты тұрды жанып көзіңде,

Берілдің бе бір ұялшақ сезімге.

Биге неге шақырмадың, аяулым,

Өзіңменен тойда болған кезімде, сәулетай.

Тым ұялшақ екенсің ғой сен мүлде,

Тұрдың үнсіз маған жақын келдің де.

Мүмкін сенің мен шығармын арманың,

Олай болса, үмітіңді сөндірме, сәулетай.

Мұхтар Шаханов. Гүлдәурен
Мұхтар Шаханов. Қазақ дастарқаны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу