Қадыр Мырза Әли. «Теңеу»

Oinet.kz 16-09-2018 1535

Көздері қанығы

Күдіксіз таныды:

Бабамыз болыпты

Даланың балығы.

Сағымда жүзіпті,

Торларды үзіпті.

Тартыпты азапты

Көрсем деп қызықты.

Не кінә тағасың!

Не пәле жабасың!

Көріпті балық боп,

Тағдырдың табасын!

Мың құрбан, 

Жүз құрбан,

Ұл құрбан,

Қыз құрбан.

Балықтай қуырған,

Қуырған,

Шыжғырған.

Қармақты қапқаны -

Қызыл қан аққаны,

Қиналып жағада

Қанатын қаққаны.

Бабамның

Балық боп

Міне, осы тапқаны!

Қадыр Мырза Әли. «Бұл жерде»
Қадыр Мырза Әли. «Көшпелі құм»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу