Қадыр Мырза Әли. «Көшпелі құм»

Oinet.kz 16-09-2018 1163

Көк шапан жамылмаған тал-ағаштан

Құм өзі аумайды екен жалаңаштан.

Жабайы жылқы ма екен

Жігіт желге

Жалынын сипатпай бір ала қашқан?1


Қашады ол қарғыс айтып тәңіріне,

Қашады ол безіп дауыл әмірінен...

Қашады ол

Көк өзенмен қуып ұстап,

Көгалдың тұсағанша тамырымен!

Қадыр Мырза Әли. «Теңеу»
Қадыр Мырза Әли. «Даламыз бен баламыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу