Ахмет Байтұрсынов. «Кісі мен көлеңке»

Oinet.kz 16-09-2018 1388

Айтайын бір тентектің әңгімесін,

Демендер:

«Сөз ғып жазған мұның несін?»

Есі ауыс көре салып, қуалады

Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.

Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,

Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.

Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,

Болғанша бар өнерін қарыштады.

Тентектің бір мезгілде кірді есі:

«Әуре боп қуып, маған қажет несі?»

Осылай ойлап, қайта жүріп еді,

Артынан қуды енді көлеңкесі.

* * *

Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,

Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.

Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,

Артынан қуалайды қайтарып ап.

Ахмет Байтұрсынов. «Маймыл»
Ахмет Байтұрсынов. «Кісі мен арыстан»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу