Ерлан Ахмет. «Ақынды іздеу»

Oinet.kz 20-09-2018 844

Screenshot_1.jpg

Басынан өткерген бұл талай заман,

Қазақтың ертеңіне қарайлаған.

Ұлтымның ұлылығын ұлықтаған

Айналдым аруағыңнан, Абай бабам!


Тірліктің тереңіне сан бойлаған,

Адалдық, имандылық, ар ойлаған.

Мәңгілік өлмейтұғын арысымсың,

Аллаһ жар аруағыңа, Абай бабам!


Сырыңның тұнығына қарайды адам,

Жырыңнан нұрланады бар айналам.

Әлемді мойындатқан данышпаным,

Бақұл бол, біртуарым, Абай бабам!

Ерлан Ахмет. «Жүрміз ғой ойнап-күліп, сыр ақтарып»
Ерлан Жүніс. «Менің атым - Тәуелсіздік»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу