Жаяу Мұса Байжанұлы. «Сәулем қыздар»

Oinet.kz 27-09-2018 1011

Барады үркер ауып жазға таман,

Жүгірдім мылтық алып қазға таман.

Буылып қол-аяғым жатсам дағы,

Домалап бара жатам қызға таман.

Қаршыға қыран болса, тырна алады,

Жел соқса, ұзын ағаш ырғалады.

Құрбылар, жастығыңда ойна да күл,

Қызықтан ойнамаған құр қалады.

Бұлт басып айдың көзін торлады ма,

Әй, сәулем, көңілдегі болмады ма

Әркімнің ықтияры өзіңде ғой,

Сүймесең, сені біреу зорлады ма

Жанар Әбсадық. «Сені жоқ дегенге...»
Жаяу Мұса Байжанұлы. «Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу