Нұркен Нұрғазы. Ауылым

Screenshot_9.jpg

АУЫЛЫМ

Тұлпарының тұяғы таудан үстен,

Мыңғырған қой алады баурап іске.

Көгалына көз сүзген қонақ әйел,

Көршілерден сұратып саумал ішкен.


Жігіт те сол, телміріп отыр аққа,

Ақтың өндірушісі шоқы жақта.

Саунаң үшін емес бұл ауыл маңы,

Аунау үшін асыр сап топыраққа.


Осы емес пе күткенің, келісті өмір?!

Құлындардың, қарашы, тебіскенін.

Жеміс теріп, жақсы ғой, қызықтаған,

Долана да дайын тұр еңістегі.


Ано-оу қырда менің де балалығым,

Мойындаған даланың даналығын.

(Құшағына қысуы былай тұрсын,

Қолымды да алмайтын қала бұрын...)


Білесіңдер бұл жақта бәрі барын,

Бәрін көріп, бір мұңнан арыламын...

Бұзауынан желінін қызғанбайды,

Көздеріне жас тұнған кәрі малы.


Ауылымда көнекөз, кеңпейілдер,

Ойланатын шыңдардың деңгейінде.

Екі елуді еңсерген кейуана да

Ерінбейді әйтеуір еңкеюге.


Ертеңіне аз, ата, сенімділер...

Таусылмай тұрғанында ерік-жігер,

Торсығыңа толтырып тәтті айранды

Бір литр сәлеміңді беріп жібер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шаханов шын махаббаттың не екенін түсіндіріп берді
  • Батырдың батасы
  • Ана жүрегінің қуаты
  • Мұқағали Мақатаевтың кенеттен қайтыс болған қызы Майгүлге арнаған өлеңі
  • Неге Момышұлында бір-ақ орден бар?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика