Әйелімді де жақсы көремін

Oinet.kz 01-06-2022 5484

Құдайға шүкiр бiр ұл, бiр қыз өсіріп отырған бақытты отбасымын. Үй-жай барлығын бар .Тұрақты жұмыс жасаймын , табысым да жақсы. Мендегі мәселе екi жылға жуықтап қалды , ажырасқан келiншекпен көңiл жарастырып жүрмiн. Менің жасым 37-де, оның жасы 25 те, 3- те және 4- те ,екі қызы бар.

Screenshot_1.jpg

Білмеймін неге екенін күнә екенін білсем де осы келіншекке байланып қалдым .Енді араласпаймын , бармаймын десем де« келмейсің ба ?»- деп шақырса барып қоямын. Енді екi қызы да  "әке" дейтiн болып жүр. Үйретіп қойғансың ба?- десем, «жоқ өздері солай ойлайды» дейдi.

Оны менi пайдаланып жүр дейiн десем, осы уақытқа дейiн бiр ретте ақша жағынан көмек берген емеспiн ,сұрамайды да, өзiнiң табысы өзiне жетедi. Осымен журiстi доғарайық десем жылайды «саған бала -шағаңа зиянымды тигізбеймiн ,осылай жүре берейік сенi жаксы көремін »деп.

Күйеуге шығып ал деп те айтып көрдім талай рет, өзі әдемі сымбатты келіншек. «Енді күйеуге шыққым келмейді, шыкпаймын осылай өзiммен- өзiм жүргенiм жақсы» дейдi.

Өзi бiр жылдай болды, ағасы үй салып берiп бөлек тұрады. Бiр күн болмаса, бiр күнi менiң әйелім бiлiп қалса қалай болар екен ?Әйелімдi жақсы көремiн , ештеңеден хабары жоқ , менен сезіктенбейдi, асты  — үстiме тусiп жүреді. Кейде аяп кетемiн. Неге бұлай жасап жүрмiн ? Маған не жетпейді ?- деп өзiмдi жек көрiп кетемiн.

Соңғы кезде басым қатып қалды. Еркек әйелінен таппаған жылуды сырттан іздейді деп жатады , мен үшiн бұл бекер әңгіме екен... 

el24kz

Бесінші күйеуден бағым жанар ма екен?
Арсыз құрбыма сеніп жүріппін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу