Мен оған "служанка" ретінде керек сияқтымын

Oinet.kz 28-06-2022 2666

Менің күйеуім, екі балам бар. Соңғы кездері жолдасымның басқа біреуі бар екенін білдім. Алдында да сезгем. Шындық бәрібір ашылды.

Screenshot_11.jpg

Оның маған көзіме шөп салуы осымен екінші рет. Бірінші қатыны да маған неше-түрлі боқауыз сөз айтып, кет деп айқайлаған. Сол қатынға бола мен кетпегем. Ол 4 жыл бұрынғы оқиға. Қатемді кешір деп жалынған.

Кеше телефонын тексерсем... Енді сол оқиғадан кейін, өзімен бір мекемеде істейтін күйеуімен айырылысқан әйелмен кездесіп жүр.

Онысын да кешірдім. Екеуі ұрсысып қалғандай, кездеспейтіндей сыңай танытқан. Енді кеше телефонын жай қарап қалсам, «рахмет жаным, сен айтқан дәрі көмектесті  маған», деп жазыпты ватцабына.

Қаным қайнады. Үндеген жоқпын. Бірақ мен жолдасым екеуміз бір-бірімізге суып кеткелі қашан. Мен бұрынғыдай оны жақсы көрмеймін. Ол ішеді, шегеді. Кейінгі кездері үйге тамақ, балаларына киім-кешек әпермегелі бір жылдай болды. Бәрін өзім алып берем. Өз ақшама. Ақша жағына келсек, айқайлап-ұрсып, бергісі жоқ.

Менің ақшамда шаруаң болмасын дегендей ұрсып тастайды… Айта берсем, өте көп.

Ал қарсы шықсам, ұрып тастайды. Содан қорқамын да, сосын үндемеймін. Түні бойы ұйқым жоқ.

Енді ажырасудан басқа амал қалмады. Балалар үшін жүрмін. Ол да солай сияқты. Бәрібір сол ғашығын тастамайды. Ал мен оған "служанка" ретінде керек сияқтымын. Киімін жуып, тамағын істеп дайындап отырамын.

Мені тағы алдап кетті. Шаршадым.

Кетіп қалайын десем,  сен кетсең мен өлемін, ішіп кетемін деп жылап шақырып алады, оны аяп  қосылсам, тағы ана қатынына кетеді, одан қалса жолдастарымен ішеді, шегеді, карта ойнауы басталады.

Әбден шаршап кеттім. Ешқандай жақсылығын көрген емеспін

Еl24kz

Бала тұрақтамаған үйдің баласын осы дәстүр арқылы аман алып қалған
Қызым жайлы ащы шындықты біліп, жағамды ұстадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу