10 жыл бала сүймеген ерлі-зайыптылар бір күнде бақытқа бөленді

Oinet.kz 01-11-2023 2101

40 минут бұрын такси шақырдым. Жамбылдық нөмір ілген көлік келді. Жолдағы кептелісті қысқарту мақсатында әңгіме дүкен құрдық. Жүргізуші - Азат есімді жігіт. 

Screenshot_2.jpg

Тараздан 2 ай бұрын астанаға көшіпті. Жерлесім болғандықтан, ананы-мынаны сұрап әңгімелестік. Астанаға жұмыс бабымен қоныс аударыпты. Жұмыстан босай сала (кешкісін) таксиші болып істейді екен. Қаланы әлі дұрыс білмейді. Жол бойы таныстырып келдім. 

10 жыл болыпты, отау құрғанына. Бірақ әлі күнге дейін перзент сүймепті. Талай рет емделдік, бақытты күн қашан келер екен деп күтіп жүрміз дейді. Мен оғап қолдау сөзімді білдіріп, бәрі де жақсы болады деп демеп қойдым. 

Үйге жақындай бергенде оның келіншегі қоңырау шалды. Трубканың ар жағындағы жары не айтқанын қайдам, Азат бір кезде қатты айқайлап жіберді, көзінен жас та шығып кетті. Суық хабар жеткізді ме екен деп те ойлап үлгердім. 

Ол көлікті жолдың жиегіне тоқтатты да, сыртқа атып шықты. Ұлы Даланы басына көтеріп жүгіріп жүр, арасында секіріп қояды. Бұған не болып қалды екен деп, мен де сыртқа шығып, әлгінің жағдайын сұрадым. 

Сөйтсем, таксишінің келіншегі көтеріпті. Бір балаға зар болып жүрген адамның қуанышы қандай болатынын (бүгін) өз көзіммен көрдім. Бірге қуандым. Құттықтадым. Ол мені қайта-қайта құшақтап, балаша мәз болып жатыр. Сол көлікке мінген мен де қырықтың бірі қыдыр шығармын деп ойлап қойдым (ішімнен). 

Бақыт деген осындай екен! 

Бақытты сәттің куәгері Сәкен Ділдахмет,

Астана қаласы

Қайын атам зорламақшы болды
10 жыл тату-тәтті тұрған күйеуіммен ажырасып кетуге мәжбүр болдым...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу