Ененің тілі әрі шәрбат әрі у!

Oinet.kz 03-11-2023 927

Той соңында микрофонды иемденген енем: «Айналайын, кененің де, ененің де тілін тапқанбыз», – деп жауап қайырды. Мен тұрмын желі шыққан шарға ұқсап. «Енді не болар екен?» деген сұрақпен тойханадан аяғымды санап басып шығып келе жатсам: «Ойбай, Құндыз, енеңнен абайла. Тілінің ащылығы бар мінезді кісі сияқты», – деп құрбым құлағыма сыбырлап кетті. 

8232ae585153a833fc2ec12af37a1551.jpg

Жығылғанға жұдырық сияқты анамның: «Ертең енең көрсетеді саған көкеңді» дегені есіме түсіп, жаным жабырқады.Ауылдық жерде тұрғандықтан ауламызда мал қора бар. Кішкене сүйретпе арбамен сырттан су тасимыз. Кәдімгі ауыл өмірі. Бір күні үйдің де, түздің де жұмысын өз жауапкершілігіне алған енемді алыстан бақыладым. Сол уақытта көз алдыма кезінде көз майын тауысып оқыған әдеби кітаптардағы әйел бейнесі келді. Киімі, үстіндегі тоны, басына таққан орамалы, шай үстінде айтқан әңгімелері, өзін-өзі ұстауы, құдды бір Ұлпан отырғандай. Көздеріндегі қуаныштың тереңінде реніш жасырынып, бетінде өмірдің сүрлеу ізіндей әжім жатыр. Сонда да ажарлы, жүзінде нұр бар. Неге дейсіз ғой? Себебі ол ешкімге арызданып, шағым білдірмейді. Біреуді кінәлаудан аулақ. Менің көзімше еріне «әй» деп те, «қой» деп те айтып көрмепті.

Тіршіліктің теперішіне көндіге жүріп, балаларының бақытын көксеген енемнің үйде орны бөлек. «Жақсы әйел үйінде ханым әрі күң» деген нақыл сөзді ұстанған ол ардақты да абзал адам.

Туған әкемді емес, өгей әкемді таңдадым
Рулас жігітіне тұрмысқа шыққан қыздың оқиғасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу