Қаны бөлек адамдар

Oinet.kz 08-11-2023 502

Мен бес жасыма дейін нағыз маскүнем - жанжалқор жанұяда тіршлік еттім. Әжем мен шешемнің өңеші арақтан құрғамайтыны сондай бізге бір қырымен қарамайтын еді. Біз  болғанда меннен 2 жас үлкен ағам. 

alkogolizm-e1582604663675.jpg

Өзім нәзік жанды бола тұра көрген тозағымнан қалай тірі қалғаныма әлі күнге шейін таң қаламын. Әкем, менің өміріме бір кірпіш қаламақ түгілі бар екенімді да білмейтін. Оның өзі әке болғанда маған әке, ағамның қаны бөлек. Шешем нағыз көкек-ана. Әр уақытта, әр жерде 5 баланы құрсағынан шығырып таратып жіберген. Біреуін перзентхана қабырғасында тастап кетсе, басқасын балалар үйіне өткізген ғой. Қайта ағам екеуіміздің мына күйбелең тірлігімізге шүкіршілік деу керек шығар, әрине сөз қисыны сәйкес келсе.

Шыбыны құжынап, тарақаны өрмелеген лас үйдің іргесінде шикі, іріп-шіріген тамақ ішіп жүріп "дифтирея" ауруына шалдықтым. Туғалы ағзам ауруға қарсы еш екпе алмаған дерт тез өрши түсті. Тамағым іріңдеп тыныс алу қиындай бастады. Не керек реанимация бөлімінен бірақ табылдым.

Абырой болғанда ол кезде 7 жасар ағам әкемнің шешесін іздеп жағдайды айтқан екен. Бұны әжемнің күйеуі яки әкемнің өгей әкесі де естіген. Бірақ не болсада бір көріп қайтайық деген ба, ауруханаға кәрі сүйектерін сүйретіп келді.  Көретін ештеңесі жоқ болатын, арықтығым сондай арқа жоным пышақ қырындай, денемді тарақан тістеген, биттеп трубкаға таңылып өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан  қыз едім.

Әкемнің өгей әкесі мына баланы дереу  алып кету керек, әйтпесе өледіге басып айтқанымен туған әжем болмапты. Жасымыз болса келіп қалған біз не істей аламыз деген екен. Ол кезде олар алпысты арқалап қалған жандар. Алайда енді оны АТА деп атайын, қайсар мінез, мейірімді жүрек мені өлімге қимай алып кетеді.

Шешем ауруханаға келмек түгілі есігін бір сығалаған емес. Кейін білдім, бәрібір тірі қалмайтыныма сенімді бола менен ресми түрде бас тартыпты.

Енді, қаны мүлдем басқа атам мен үшін нағыз дос, асқар таудай әке және жұбанышым болды. Әрине, ауру тез кете қоймағаны былай тұрсын жүрекке шауып мүгедек болуға тура келді. Бірақ, қайсар мінезді атам мені дәрігерден дәрігерге көрсетіп, шипажайларға жатқызып аяққа тұрғызуға қолдан келгеннің бәрін аямады. Иә, әжемнің де аялы алақаны тиіп қалатын, бірақ шынайылық жоқ еді. Ол  мейірімін басқаларға көп төгетін. Алайда маған бәрібір болатын, өйткені маған жылы үйде, дәмді -тәтті тамақ ішіп , ойыншық ойнағанның өзі бақыт. Тек есейгесін атамның мені беймаз әжемнің мінезінен қалай аластатып отырғанын түсіндім. Әжем билікшілге жақын, үнемі маған айтқанын істеткізіп әр қадамды қадағалап отырғысы келетін.

Екеуі кәрі болса да жұмыс істейді. Ыңғайы солай келгесін мені мектеп-интернатына орналастырды. Дүйсенбі мен жұма аралығы сонда оқысам , демалыс күндері үйге келемін. Жоқ, әлбетте жоқ ол жерде маған жаман қараған жоқ. Уақытылы тамақ, мейірімді тәрбиешілер тәлім берді. Жаман деп айту -  күнә. Ой,  атам екі күннің бірінде әжеме білдіртпей соғып тұрады. Маған сыйлық,  есептегіш, радио т.б заттар әкелетіні бар. Ол әрдайым маған бір елі жақын жүретін. Атам мені қатты жақсы көрді. Мен де оның көңілін қалдырмау үшін жақсы оқып әрдайым тек қуантуға тырысып жүрдім.

Он үшке келгенде әжем бақилық болды. Атам мемлекеттік органдардың есігін жағалай жүріп мені асырап алды, өйткені балалар үйіне алып кетуі әбден мүмкін болатын. Әрине опекундық берді,  қырауар ақшаға. Оны кейін білдім.

Мен 22 ге келгенде қызды болдым. Атамның жасы сексенге келсе де қызымды бірінші күннен бағып-қаға бастады. Біз қабырғалас тұрамыз, оның көмегі шексіз. Күйеуім екеумізді далаға қуып балаға қарап отырғанды жаны сүйеді. Ол кезінде мені қалай жақсы көрсе, енді қызым оған жарық  сәулесі. Оны иіскемесе тұра алмайды. Маған, бұл жүрегіме  әсерлі жылулық береді.

Қазір ол тоқсанға келді , мен отыздамын. Атама жүру қиындау бірақ соның өзінде беріліспейді. Әрдайым маған көмек бергісі келеді да отырады. Өмірде сиқыр жоқ екенін білемін. Бірақ атамсыз өмірімді елестете алмаймын. Біздің қанымыз бөлек болғанымен мен атамның қызымын.

Дастан АБДЫРАХМАНҰЛЫ

Ақылы келте абысынымды қайтсем болады?
Жасым 40-қа келгенде бір-ақ үйлендім. Қазір әйелімнің қылықтарынан қорқамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу