«Сен екен деп қалдым»: Сіңлісі мен күйеуінің қайсысына сенерін білмей дал болған келіншек

Oinet.kz 04-06-2025 1416

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева желідегі парақшасында өзіне келген хаттардың бірімен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.jpg

Хат иесі қонаққа келген сіңлісіне өз күйеуінің тиіспек болғанын баяндапты.

"Сәлеметсіз бе? Кеше мен үшін өте ауыр жағдай болды. Жолдасым жазда ішіп алып, сіңілімнің қасына жатып, аймалапты. Оның мүлде есінде жоқ. Сіңілім азар да безер болып, мамама айтыпты кеше. Жолдасым: «Сен екен деп қалсам керек» деп кешірім сұрап отыр бәрімізден. Ештеңе есімде жоқ дейді!

2 баламыз бар, үшіншісін ане-міне деп күтіп отырмын. Бір жақта бауырым, екінші жақта балаларым. Жолдасымның артық қылығы жоқ еді, тәрбиелі, ішсе тыныш кеп ұйықтап қалатын. Сенейін десем, неге ол именно сол кезде кіріп кетті деймін. Содан кейін ол болмаса, өзінің қарындасы жатады, оған кірмейді ғой. Сол кезде қарап қоймаған өзімді жегідей жеп барам. Маған сеніп жіберді ғой анам. Сіңіліме қай бетіммен қарарымды білмеймін. Анама да қарай алар емеспін. Жолдасым: «Ұят-ай, өлгенім артық еді» деп өкінеді", - деп жазды ол.

«Күйеу баласынан жүкті болған ене»: Cұмдық жағдай жайлы тың дерек шықты
Бір арудың обалына қалам деп төрт рет шаңырақ көтерсем де, бала сүйе алмадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу