Өнеркәсіп өнімінің көлемін 710,0 млрд теңгеге жетпек

Oinet.kz 21-10-2021 723

Screenshot_12.jpg

Бүгін Шымкент қаласы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айдың қорытындысы бойынша есеп берді. Есеп барысында басқарма басшысы қаладағы көптеген салада жеткен жетістіктерге тоқталды. Қала әкімі басқарма басшысының есебін жоғары бағалап, алдағы уақытта бұдан да биік нәтижелерге қол жеткізу керектігін мәлімдеді.

Басқарма басшысы желідегі парақшасында сала жетістіктерін қала тұрғындарымен бөлісті.

- Қаламыз - еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айда 555,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 710,0 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлаудамыз.

Ал өңдеу өнеркәсібінде жиһаз өндіру (157,5 %), химия өнеркәсібі (157,5 %), машина жасау (150,9 %), дайын металл бұйымдарын өндіру (128,4 %), негізгі фармацевтикалық өнімдер (114,6 %), сусындарды өндіру (111,1 %), жеңіл өнеркәсіп (102,1 %), мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (103,0%) салаларында өнім көлемі артқан. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 628,0 млрд теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 102,0 пайыз болады деп болжаудамыз, - деп жазды Береке Дүйсебеков. 

Алдағы уақытта қалада өнеркәсіп орындары көбеймек. Осы арқылы қала экономикасын ілгері дамтырып, жұмыссыздық мәселесі оң шешімін табады.

9 айда 260,7 млрд теңге инвестиция тартылды
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 87 076 бірлікке жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу