Үнемділіктің сіз білмейтін ерекше тәсілдері

Адамдардың басым бөлігі әрбір тапқан тиынын лезде жұмсап, қарызға және несиеге дүние алуға бейім тұрады. Дегенмен заман талабы үнемшілдікті талап етеді. Үнемдей білмеген адам байымайды. Ақшаны бет алды шашпай, үнемшілдікті әдетке айналдырсаңыз, байлыққа баратын жолды таптым деуіңізге болады. Дегенмен ақшаны үнемдеудің де өз жолы, сіз білмейтін өзгеше тәсілдері бар...

image-800x445.jpg

Сізге банк немесе терминал беретін қарапайым чектен қанша үнемдеуге болады деп ойлайсыз? Бір жапырақ қағаздан көп үнемдеу мүмкін емес әрине. Есесіне сондай чектің миллионынан әжептәуір үнемдеуге болады. Bank of Amerika менеджерлері клиенттердің басым бөлігінің чекті сол тұста-ақ қоқысқа тастайтынын, кейбірінің тіпті онда не жазылғанын оқып та отырмайтынына назар аударған. Дегенмен чексіз жұмыс жасалмайтыны да белгілі. Сондықтан чекке жұқалау, салмағы 20% аз қағазды қолдануды шешкен. Нәтижесінде жылына үнемділік сомасы 500 000 долларға жеткен.

70342cbb311fe4b4697c796d895a72f6.jpg

Ал Куба билігінде қоғамдық көліктен үнемдеудің өзіндік тәсілін тапқан. Онда қоғамдық көлік өте тапшы, бірақ бұл қиындық тудырмайды. Бар болғаны жолдың жиегіне шығып, бағыттас көлік шыққан көліктің шыққанын күтсе болғаны. Қоғамдық көлік жүргізушісі тоқтап, жолаушыны алып кетуге тиісті және ол үшін жол ақысын алуға тыйым салынған. 

Кәрістердің әңгімесіндегі ең сүйікті тақырыптары – үнемділік пен ұқыптылық екен. Дағдарыс кезінде ақша есептеуді одан да асқан аса дәлдікпен жүргізеді. Мысал үшін, ерлердің ақ жейдесінің сатылымы едәуір азаяды. Бұл кір жуатын ұнтақтан үнемдеуге ықпал етеді. Ал кейбірі жылудан үнемдеудің де айласын табады – үй ішіне палатка құрып, соның ішінде ұйықтайды.

-.jpg

 Немістер де жылудан үнемдегенді жөн санайды. Жатын бөлмені жылытудан аса шығындалып жатпайды. Олардың жатын бөлмелерінде қонақ бөлмелерінен қарағанда әлдеқайда суықтау болады, небәрі 14 градус олар үшін қалыпты болып саналады. Жылыну үшін жылытқыларды, мысалы, микротолқынды пеште жылытылған жұмсақ ойыншықтарды пайдаланады.

Египетте шатырсыз үйлерді көптеп кездестіруге болады. Есесіне онда жаңбыр да көп жаумайды. Ондай шатырсыз үйлер құрылысы бітпеген үй ретінде саналып, үй иелері заң жүзінде мүлік үшін салық төлемеуге құқығы бар. Египетте ондай үйлерді үлкен ұлдарына сыйға беру дәстүрі бар. Үйдің шатырын жауып, соған сай салық төлеу міндеті кейін соларға жүктеледі.

Шынтақ өлшемі –шынтақтың бүгілген жерінен созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралықты қамтитын ежелден келе жатқан өлшем. Ал қолдың ұзындығы әр адамда әртүрлі екені белгілі. Сондықтан да мата сатумен айналысатын саудагерлер жұмысқа бойы кіші адамдарды алғанды жөн санаған. Бойы кіші адамның соған сәйкес қолы да қысқа болатындықтан, үнеміліктің керемет әдісі деуге болады. Мін тағуға да келмейді, тауар ережеге сай шынтақтан саусаққа дейін өлшенді...

Американдық Томас Эдисон өнертабыстары үшін мыңдаған патенттер алған. Шындығында ол сүйікті ісімен ғылымға деген сүйіспеншіліктен ғана айналыспаған. Эдисонды зауытының жұмысшылары ереуілдерімен жиі титығына тиетіндіктен, кемеңгер өнертапқыш жұмысшылардың еңбегінің қажет болмауы үшін қолынан келгенінің бәрін жасаған.

Айтпақшы, көпшілік ойлағандай миллионерлердің бәрі ақшаларын оңға да солға да есепсіз шаша бермейді. Керісінше ақшаны үнемдей білу оларға қаржылық жетістіктерге жетуге мүмкіндік әкелген. Мысалға, бірнеше ай бұрын байлығы 28 миллиард долларды  құрайтын Швецияның ең бай тұрғыны дүниеден озды. Кампард мырзаның үнемшілдігі аңызға айналған. Мысалы, оның қоластындағылар Плюшкиндегідей қағазды барынша үнемдеп, текстті парақтың екі бетіне шығаруға тиіс болған. Ал өзінің сүйікті креслосын Кампард 32 жыл бойы ауыстырмаған.

Американдық әлеуметтанушылардың мәлімдеуінше, олардың елдеріндегі әрбір төртінші миллионер құны 100 доллардан аспайтын бәтеңке киеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан «ресурстық қарғыстан» қалай құтылады?
  • Приватизация ма әлде «прихватизация» ма?
  • Ақша жайлы ырымдар
  • Жансейіт Түймебаев 100 күнде не тындырды?
  • Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика