Н.Тұрашбеков: Қуаңшылыққа қол қусырып отыруға болмайды

Oinet.kz 19-06-2025 44

Түркістан облысында қуаңшылыққа қарсы шаралар жүріп жатыр. «Қуаңшылықтан туындаған өзекті мәселелердің шешімі болуы керек». 

Screenshot_5.jpg

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жағдайды зерделеу барысында осылай деді. 

Түркістан облыстық әкімдігінің хабарлауынша, басшылар әрекетсіз отырған жоқ. Қазіргі таңда мал азығының қорын қалыптастыру бойынша өзге облыстармен арнайы меморандум түзу шарттары қарастырылып, келіссөздер жүргізілуде. 

Өңірдегі диірмендер 215 мың тоннаға жуық кебек өндіреді. «Бұл шаруашылықтардың қажеттілігін толық өтемейді», дейді мамандар. Нұрбол Тұрашбеков тасымал мүмкіндіктерін барынша қарастырып, пайдалану қажеттігін атап өтті. 

– Табиғатқа, ауа-райына кінә артып, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Әр ауданның сұранысы тиянақты зерттелуі тиіс. Қазан айына дейін малдың қыстық азығы дайындалып бітуі керек. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, қадамдық жоспар түзуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Асылбеков асыра сілтеді - Прокуратура мегаполистің бас дәрігеріне айыппұл салды
Қазыбек Иса неге екі сөйлейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу