Ақша жоқтығының 10 себебі

Oinet.kz 21-10-2019 1708

Znalezione obrazy dla zapytania деньги

1. Сізге ақша қажет емес.

Бұл ең сізде ақша жоқтығының ең қарапайым түсініктемесі. Сіз азға қанағаттанып, кқпті қалайтын адамсыз. Сіздің табысыңыз сіз көпті қажет еткенде ғана көбееді. Бұл факт. Ақша көп болуы үшін, шынымен де оны қатты қалау қажет.

2. Сіз ақша жұмсай алмайсыз.

Сіз табысыңызды жоспарлап жұмсауды білмейсіз. Әсіресе (мүмкін сізге олай емес көрінер) қолы ашық адамдарға байлық ерте келеді. Қазақта «кең болсаң – кем болмайсың» деген нақ айтылған. Ақша бос жатқанды ұнатпайтын нәрсе, бізге қарағанда. Ол бос жатса, шашылады, сондықтан оны жүгенінен бос жіберу қажет.

3. Сіз үшін бұл жаңалық шығар, бірақ аспанда ақша жоқ.

Ақшаны қатты жақсы көріп, қатты қалап төсегінен бүйірін көтермейтін адамдарда ақша болмайды. Аспанда ақша жоқ, аспанда тек еріп жаңбыр болып жауатын бұлттар ғана бар.

4. Сіз ақшасы бар адамдарды алаяқ деп есептейсіз.

Сіз бизнесмен, депутаттардың бәрін жемқорлықпен, алаяқтықпен жетістікке жетті деп ойлайсыз. Дегенмен өз балаңыз, бауырыңыз немесе өзіңіз сондай байлық, дәрежеге жетсеңіз не ойлар едіңіз?

5. Өзіңізді көп ақшаға лайық көрмейсіз.

Сіз қанша ақшаңыз көп болғанын, жетістікте өмір сүргіңіз келгенімен, іштей сіз ақшадан, көп ақшадан сескенесіз. Себебі сіз ақшалай сауатсыздығыңызды жақсы білесіз.

6. Сіз ақшаны құрметтемейсіз.

«Ақша қолдың - кірі» деп есептесеңіз, ол сізде ешқашан болмайды. Ол тек жуылып кететін кірдің рөлін атқарады. Барлығы да біздің санамыздан бастау алады.

7. «Ақша үлкен еңбекпен келеді» деп есептейсіз.

Егер де осылай ойласаңыз, үнемі жұмыста үзіліссіз, демалыссыз жүруіңізге тура келеді. Ақша оңай жолмен де келеді. 15 жасында, 20 жасында бай атанғандар да жоқ емес.

8. Өзгелердің ақшасымен күнелтесіз.

Үнемі несие алу, басқалардан қарызға ақша алу арқылы, ол өзгенің ақшасымен өмір сүруге бейімделіп кетеді.

9. Бөліскіңіз келмейді.

2010 жылы көптеген әлем миллиардерлері өз байлықтарының тең жартысынан бас тартты. Сөйтіп олардың қаражаттары қайырымдылыққа жұмсалды. Өзгелердің қуаныштары адамды рухани бай етеді.

10. Сізге махаббат, бақыт пен жақсылық жетіспейді.

Ойыңның бәрін ақшаға, жетістікке жетуге арнаудың да қажеті жоқ. Баланс ұстау қажет.

Егер үнемі жолың болмаса не істеу қажет?
Арман-мақсаттарымызбен бөлісуге болады ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу