Арман-мақсаттарымызбен бөлісуге болады ма?

Oinet.kz 21-10-2019 988

d9eafff5043a4b2b8074e393ac0f2558.jpg

Өміріңізде маңызды жайт орын алды немесе алмақ, сіз бақытты болғаныңыз соншалық осы жаңалықпен өзіңізге жақын жанмен бөліскіңіз келетіні анық. Мәселен сіз кенеттен саяхатқа ұшатын болдыңыз. Сіз қуаныштан бір не бірнеше құрбыңызға хабарласып, осы қуанышпен бөлісесіз. Кенеттен сізге турагенттікктен хабарласып, ұшаө рейсін кейінге қалдырғанын немесе мүлде алып тастағанын хабарлайды. Өзіңізді жұбату үшін саяхатқа бармай қалған жағдайда аламын деп ойлап жүрген көйлегіңізді алу үшін дүкенге барасыз, алайда жоқ, оны сатып алған болып шығады.

Батыста керісінше жоспарларыңмен бөлісу қажет деп есептелінеді. Адам осы арқылы жігерленетін көрінеді. Сонда барлығы адамның сенімінде болып тұр ма?

Мәселе біздің санамызда.

Біздің миымыз мақсатымыз жайлы айтқан кезде босаңсиды. Ол мақсатқа жеттік пе, жетпедік пе оны өзі айтып, өзі есіту арқылы жайбарақат күйге енеді де, сосын таң қалып жатады «неге орындалмайды?» деп.

Біздің әр жоспарымыз мен мақсатымызға белгілі бір дәрежеде энергия бөлінеді. Ал мақсаттарымызбен бөлісу, оларды жүзеге асырумен бірдей. Яғни біздің алдымызды дәл бастапқыдағыдай ерік-жігер тұрмайды. Егер сіз бесенді түрде достарыңызбен қуанышты жағдайлар, армандарыңыз бен мақсаттарыңыз туралы әңгімелессеңіз, сіздің аузыңыздан шыққан сөздермен бірге энергияңыз да бөлініп кетеді.

Сонда не істеу керек?

Арман, мақсаттарыңыз бен жетістіктеріңіз жайлы сіз емес, олардың өзі айтсын. Ал олар қашан айтады? Олар орындалған кезде өздері-ақ мәлім болады. Сіз саяхатқа шығатыныңызды айтқанда емес, саяхаттап жүрген суретіңізді желіге салғанда немесе бөліскенде достарыңыздың екі есе таңқалатыны анық.

Ақша жоқтығының 10 себебі
Бала ұйқысыздығымен күресу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу