Анемияның алдын алу жолдары. Белгілері

Oinet.kz 27-11-2019 2209

Анемияның алдын алу үшін дұрыс тамақтану маңызды. Кез-келген ауруды болдырмас бұрын алдын алыңыз, яғни «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!»

Анемия.jpg

Негізі жануардан алынған өнім құрамындағы темір, өсімдіктен алынған өнімге қарағанда 2-3 есе сіңімді болады. Бірақ темір жетіспеушілігі жоғарылаған сайын өсімдіктен алынған темір сіңімді бола түседі. 

Құрамында темірі көп, жануардан алынатын өнімдер:

Ет, бауыр, балық,теңіз өнімдері,жұмыртқа.  

Құрамында темірі көп, өсімдіктен алынатын өнімдер:

Орех, кунжут, асқабақ дәні, шпинат, руккола,брокколи, құрма, құрғақ жемістер, какао, шоколад, бұршақ тұқымдастар, жармалар .

С витаминді тағамдар, темір сіңімділігін арттырады:

Қызанақ, қауын, тәтті бұрыш.

Анемияның  белгілері:

- тез шаршап қалу,мазасыз болу;

- ұйқы бұзылысы;

- жиі инфекциялық аурулармен ауру;

- бастың ауруы;

- мінез-құлық өзгерісі;

- тершеңдік;

- бой өсудің артта қалуы;

- жеуге болмайтын заттарға әуестік (бор,кесек т.б жеу);

Темір тапшылықты анемия деп диагноз қою үшін клиникалық көріністері жеткіліксіз. Сондықтан қан анализін тапсыру қажет.Қан анализінде гемоглобин, ферритин, МСH, MCV  деген көрсеткіштерге мән беріледі.

Гемоглобиннің қалыпты мөлшері:

1 жылға дейін- 110 жоғары

1-5 жыл аралығында-  115 жоғары

5-14 жыл аралығында-  120 жоғары болуы керек.

Дүкенде сатып алушы ретінде өз құқығыңызды білесіз бе?
Созылмалы жөтел деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу