Жөтел түрлері

Oinet.kz 27-11-2019 8397

Негізінен жөтел ұзақтығына қарай екіге бөлінеді:

- Жедел  (2 аптаға дейін)

- Созылмалы (4 аптадан жоғары)  

Жөтел түрлері.jpg

Сипатына қарай түрлері:

Құрғақ жөтел -  көбіне тыныс жолдарындағы инфекция. ҰзАқ құрғақ жөтел-бронхиальді астма әкелуі мүмкін.

Ылғалды жөтел - мұрын, жұтқыншақ жолындағы инфекция. Мұрыннан аққан шырыш жұтқыншақтың артқы қабырғасымен тыныс жолдарына өтіп, жөтел тудырады.

Сирек жағдайда төменгі тыныс жолдарының ауруы кезінде (бронхит,пневмония)  болады. Жиі қақырық түсіретін препараттарды қолдану да ылғалды жөтелге әкеледі.

Репризді жөтел кезінде бала тыныс алып үлгермей арты-артынан жөтеледі. Мұндай жөтел көкжөтел, парагрипп, аденовирусты инфекция, микоплазмалық инфекция, респираторлы-синцитиальді инфекцияларға тән.

Ит үрген тәрізді жөтел аты айтып тұрғандай ит үргені тәріздес. Қақырық болмайды. Көбіне түнде болады, дауыстың қарлығуымен, тұншығумен көрінуі мүмкін.

Егер:

- баланың жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатырса

- жөтелдің 10 күні, бірақ әлі жақсару жоқ болса - балада 5 күннен асқан температура болса

- тыныс алуы қиындап,шулы тыныс пайда болған болса бұл жедел жөтел. 

Жедел жөтел деп - ұзақтығы екі аптаға(кейде үш) дейін созылған жөтелді айтады. Көбіне вирусты инфекция кезінде болады, яғни ОРВИ  кезінде. Дені сау бала жылына ОРВИ-мен 6-12 ретке дейін ауыруы мүмкін.

Асқынбаған ОРВИ кезінде көбірек жылы су мен қызу түсіретін дәріні қабылдау жеткілікті. ОРВИ кезіндегі жөтелді жеңілдететін әсері күшті, қауіпсіз дәрі әлі күнге ойлап табылған жоқ.

Есіңізде болсын, ОРВИ кезінде АНТИБИОТИК қолдану ауру ұзақтығын қысқартпайды және асқынулардың алдын алмайды.

Вирусқа қарсы дәрілер (противовирусные) тек қана тұмау (грипп) вирусына әсер етуі мүмкін. Сол себептен, ағзаны антибиотиике үйретпегеніңіз дұрыс!

Созылмалы жөтел деген не?
Сәбиіңіздің тісі шығып, мазасызданса...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу