Сәбиіңіздің тісі шығып, мазасызданса...

Oinet.kz 27-11-2019 1775

Кішкентай сәбидің іш кебуден кейін мазасызданатын кезеңі - тістердің шығуы. Оңай процесс емес, сондықтан біз көбіне ауру сезімін басатын гельдерге жүгінеміз. Ал олардың құрамында ағзаға зиян заттар бар ма? Осы мәселеге нақталып көз жеткізіп алу маңызды. 

сәби.jpg

Жергілікті қолданылатын анестетикалық гельдер құрамында:

Лидокаин болса:

- жұтқыншақты жансыздандырып,жұту қиындатады.

- артық дозасы жүрекке әсер етіп,тырыспа,анафилактикалық шок,есекжемге әкеледі

Бензокаин болса:

- тері түсі өзгеріп бозарады,құсу,бас ауру,тыныс ритмінің бұзылуы,жүрек соғысының жиілеуі,әлсіздікке әкеледі

- жоғарыдағы белгілер бірден немесе бірнеше сағаттан кейін көрінеді

- FDA 2011 жылдан бастап қауіптілігі мен зиянына байланысты тыйым салған.

Не істеу керек?

1.Салқындатылған, тістеуге арналған резеңке/силикон

Ішінде сұйықтығы болса, морозильникке емес холодильникке салып, салқындатып бересіз.

2️.Салқындатып жеміс немесе көкөністің бір бөлігін беріңіз (шашалып қалмауын қадағалаңыз)

3️.Еметін болса жиі емізіңіз, бұл бір жағынан иегіне массаж,екінші жағынан анасының құшағы тыныштандырады.

4️.Бала 6 айдан асқан болса поильник немесе бутылкамен бөлме температурасындағы суды беріңіз, жылытып қажет емес.

5️.Иегіне таза қолмен массаж жасаңыз

6️.Көбірек қасында болып құшақтап, қолыңызға алып, ойнатып көңілін аулаңыз

7️.Ауру сезімін басу үшін салмағына қарай Парацетамол немесе Ибупрофен беріңіз.

8️.Ауыз айналасындағы сілекейді сүртіп отырыңыз, бұл инфекцияның алдын алады.

Жөтел түрлері
Жас ерекшелігіне қарай қанша сағат ұйықтау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу