Еңбек демалысында балаңызға сақ болыңыз...

Oinet.kz 05-12-2019 915

Шілденің шіліңгір күндері жұрт еңбек демалысына шығып жатады. Дәл осы ми қайнатар қапырықта олар салқын іздеп, тау-тас, жағалау іздеп кететіні айдан анық. Көптеген ата-аналар курортты жерлерге өздерімен бірге балаларын ертіп барады. Дегенмен, кейбір жағдайда мұндай демалыс ыңғайсыз жағдайға алып келеді. Иммунитеті әлсіз балалар ауырып, берекені қашыратын жайттар кездесетіні жасырын емес. Мұндайда не істеу керек?

Screenshot_19.jpg

Егер бала теңіз кірпісін басып кетсе...

Мысыр, Үндістан секілді елдерде жағажайға жүзуге барсаңыз, міндетті түрде теңіз кірпісіне көзіңіз түседі. Бұл кірпілер сізге пәлендей қауіп төндіре қоймайды. Әйтсе де, балаңызды зияны тиіп кетуі әсте мүмкін. Сондықтан да, балаңызды жағажайға ертіп бармастан бұрын, оған сүйретпе кигізіңіз. Теңіз кірпісінің ең басты қаруы – жабысқақ инелері. Денеге бір жабысқан ине оны оңайлықпен босата қоймайды. Осының салдарынан баланың денесіне түрлі бөртпелер шығып кетеді. Тіпті, ине теріден ұзақ уақыт ажырамаса, терінің күйіп қалу қаупі бар. Егер шынында да осы жағдай орын алса не істеу керек?

Ең бірінші зақымданған жерді жылы сумен жуып, лимон қышқылымен сүрту керек. Пинцетпен ақырын ғана зақымданған теріден теңіз кірпісінің инелерін алып тастап, қабынуға қарсы мазь жағып, дәкемен орап тастаңыз. Егер балада аллергиялық белгілер байқасаңыз, антигистаминдік преперат беру керек. Алда-жалда бала дем ала алмай, қырылдап, қиналып жатса, дереу жақын маңдағы медпункте жүгініңіз. 

Егер бала суға шашалып қалса...
Әр дәрігер оқуға тиіс кітаптар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу