Егер бала суға шашалып қалса...

Oinet.kz 05-12-2019 1696

Бала тек теңіз жағасында шомылып жүріп қана емес, тіпті, шелектегі суға да шашалып, су жұтып қоюы мүмкін.  Бұл жағдайда баланың жасына қарай, бірнеше амалдар қолдануға болады. Егер балаға әлі бір жыл толмаса, онда баланың арқа жағын өзіңізге қарай бұрыңыз да, шынтағыңызды баланың қарнына тіреп тұрып құшақтаңыз. Жерде жатқан баланың кеудесін жаймен көтеріп, арқасынан қағыңыз. Бала жөтеліп, құсқанша ақырын ырғақпен қаға беріңіз. 

Ал, егер бала бір жастан жоғары болса, онда баланың артына тұрып, ішін қос алақаныңызбен құшақтаңыз. Баланың ішін төменнен жоғары қарай басыңыз. Осы сәтте баланы арқасынан қағумен болыңыз. Сонда бала жұтқан суын құсып тастайды. 

Screenshot_18.jpg

Назар аударыңыз! Егер көп мөлшерде су жұтып қойған бала көзін ашпаса, онда оған «есімің кім?» деген сұрақты дауыстап тұрып қойыңыз.  Жартылай есін жоғалтқан бала бұл сұраққа жауап бере алады. Немесе қозғалып, сұрақты естігені жөнінді ымдап ишара білдіреді. Егер ешқандай реакция болмаса, бала толықтай есін жоғалтқан. Дем алу мен жүрек соғысы бәсеңдеген балаға дәрігер келгенше жасанды тыныс беріп, жүрегіне жабық массаж жасау керек. 

Ыстық ұрса не істеу керек?
Еңбек демалысында балаңызға сақ болыңыз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу