Ағзаға күніне қанша ас тұзы қажет?

Oinet.kz 14-12-2019 2608

Біздің тамақтануымыз үшін өте аз мөлшерде ас тұзын қолдану керек. Бірақ, көптеген адамдар оның мөлшерін шамадан тыс тұтынады.

тұздар.jpg

Күніне бір шай қасықтың шамасында, немесе 5 граммнан көп емес ас тұзын қолдануға тырысыңыз.

Бұл мөлшер шамамен күніне 2, 3 грамм натрийға тең деген сөз.

Балалар тұзды ересектерге қарағанда аз қажет етеді, сондықтан, балалар тағамына көп тұз қоспаныз.

Нәрестелер тұзды өте аз талап етеді, өйткені олардың бүйректері көп мөлшерде тұзды қорыта алмайды.

Бала Енді қою тағам жей бастағанда,  ол үшін дайындалып жатқан тағама тұз қоспаған дұрыс.

Артық тұздар

Егер қанда артық мөлшерде натрий болса, онда оны сұйылту үшін ағзада су жинала бастайды. Нәтижесінде сұйықтық мөлшері мен қанның көлемі артады.

Бұл жағдайда, қантамырларында қысым артып, жүрекке күшпен жұмыс жасауға тура келеді. Уақыт өте келе, бұл үдеріс қатаң қантамырлары мен гипертония – жоғары қан қысымына, бұл өз кезегінде инсульт пен жүрек жетіспеушілігі секілді күрделі аурулардың дамуына алып келеді.

Ет ағзаға зиян ба?
Қарақұмық диетасы (гречневая диета)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу