Қарақұмық диетасы (гречневая диета)

Oinet.kz 14-12-2019 5171

Жасұныққа бай бұл жарма ағзадағы токсиндер мен артық суды сыртқа шығарады. Әдетте, қарақұмық диетасын тек арықтау үшін ғана емес, ағзаны тазалау үшін де ұстап жатады.

қарақұмық диетасы.jpg

Қарақұмық диетасы монодиета санатына жатады. Яғни оның мәзірінде тек қарақұмық қана болады. Сондықтан да ол нәтижелі болғанымен, арықтаудың ауыр жолы саналады. Диетологияда көп ұсыныла бермейді. 

Мұндай диета кезіндегі басты талаптар:

Ұйқыға жатардан 5 сағат бұрын тамақтану керек;

Суды көбірек ішіңіз (1,5 литрден көп);

Қантсыз көк шай ішуге болады;

Қарныңыз қатты ашса немесе іш қататын болса, жатардан 1 сағат бұрын 1 стакан майсыз айран ішуге болады;

Қарақұмықты тұз, дәмдеуіштер салмай, май, сүт, тұздық құймай, буға пісіру керек немесе үстінен қайнаған ыстық су құйып, таңға дейін қалдырыңыз

Бастапқы күндері қанша салмақ тастасаңыз, ары қарай да солай жалғаспақ. Нәтижелі диетаның көрсеткіші – бір апта ішінде 10 киллограмға дейін барады.

Қарақұмық диетасынан кейін әдеттегі ас мәзіріне бірден ауысуға болмайды. Диета біткеннен кейінгі бір апта бойы майлы тағам жемеген жөн. Оның орнына ағуызға бай, майсыз тағамдарды мәзіріңізге енгізіңіз.

Сондай-ақ оларды да буда дайындаған дұрыс. Қуырылған, тұзды, ащы тағамға жоламаңыз. Алғашқы аптада тұзды азырақ қолданыңыз.

Кері әсері қандай? 

Қарақұмық диетасы кезінде қант пен тұздан толықтай бас тартуға тура келеді. Сондықтан да бас ауруы пайда болуы, қан қысымында қандай да бір ауытқулар болуы мүмкін.

Глюкозаның жетіспеуінен мидың жұмыс істеу қабілеті төмендеуі ғажап емес. Сондықтан да ұмытшақтық, шаршау, әлсіздік болады.

Қарақұмық диетасын диабет, асқазан жарасы, гипертония сынды ауруға шалдыққан жандарға және бала емізетін келіншектерге ұстауға болмайды!

Ағзаға күніне қанша ас тұзы қажет?
Шаш түсінің себептері. Емдеу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу