Жұбыңыз тезірек кездессін

Oinet.kz 02-05-2019 751

Қазір қыздар жігіт сияқты мықты да табысты болғысы келетін, кей жігіттер қыздар сияқты киініп, сыланып жүретін заман орнап кеткендей. Қыздардың еркекшора сияқты жүруі жігіттерге сырт көзге ұнамағымен қатар, бейсаналы түрде де тартылыс күшін жойып тұрады екен. Мына кеңестерді жүзеге асырып көріңіз, сонда жұбыңыз тез арада жолығып қалар. Тек сеніңіз. 

отбасы.jpg

Көйлек кию (белдемше, жейде). Əйелге тəн киіну. Көйлек кию бойыңыздағы еркекке тəн энергетиканы басып, нəзіктігіңізді арттырады. Əйелдік энергияны көбейтеді. Шалбар, джинс, шолақ шалбар (шорты) – бәрін тастаңыз, спортық киімдерді арнайы жағдайларға ғана киіңіз. Жұмыста, үйде, мерекеде, демалыста – барлық жерде тек қана етекті киімдерге көшіңіз! Әйел адам жерден де қуат алады, ал шалбар сияқты киімдер осындай әйелге тән, қажетті энергиядан ада қалдырады. Ұзын шаш. Шашыңыз қысқа болса өсіріңіз, қимаңыз. Бұрынғы бабаларымыздың қыздарға шашты қимау керек деген өсиеті бекер айтылмаған. Фен қолданбаңыз! Шаш суды өзіне сіңіріп, ылғалды ұстап тұрады екен. Бұл қыз-келіншектердің түйсігін (интуициясын) көтереді. 

Бұл қасиет өзіңнің адамыңды бірден тануда өте маңызды. Фен шаш арқылы алған энергетиканы өлтіреді. Үй жануарларын асырамаңыз. Мысалы мысық! 

Сіз орасан энергетиканы мысығыңызға жұмсайсыз. Жігітке ешнəрсе қалмайды. Энергиясы жоқ қыздардан жігіттер кетіп қалады. (Жап-жақсы болып жүріп, өз өзінен жоқ болып кеткен жігіттер болды ма? Нені дұрыс істемедім , неге деген сұрақтар мазалады ма? Бұл сол энергияның сарқылуынан. Бейсаналы түрде (подсознательно) еркек сізден ешнəрсе ала алмасын сезіп, бойын аулақ салады. Əрине, энергияны рəсуа қылатын тек қана үй жануарлары емес. Сары түсті таңдаңыз! Өміріңізге сары түсті көбірек қосыңыз. Сары түс ер адамдарды өзіңізге тартудың бір құралы (цвет партнёрства). Сары түс сізді өзгертеді. Бұл сіздің бойыңыздағы сыни қасиетті бұғаулайды. Біз бəріміз күннің қуатын пайдаланамыз. Гардеробта сары түсті еш нəрсе жоқ па? Онда дереу шоппингке шығыңыз. Қарым-қатынастағы адалдық. Адал болыңыз. Неге күйеуге шықпай жүрмін деп өзіңізді жеуді тоқтатыңыз.  «Не себепті өз адамым кездеспей жатыр?» деген сұрақты да ұмытыңыз. «Ол мені іздеп келуі үшін не істеуім керек?» деген сұраққа жауап іздеңіз. Өз өзіңізді дамытыңыз. Өзгеріңіз! Әр қыз бақытты болуға лайық! Іске сәт!

Дереккөз: massaget.kz

Созылмалы күйзелістің адамға әсері
Бақыттан да маңызды не бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу