Бақыттан да маңызды не бар?

Oinet.kz 02-05-2019 843

Адамдар барлығы бақытқа тәуелдіміз деп ойлайды. Бірақ оның мәңгілік емес, бір ғана сәт екенін естен шығарып алады. Заманауи жазушы Эмили Эсфахани Смит бақыттан да маңызды төрт негізгі нәрсені атады. Сіздің ойыңызша, бақыттан маңызды не болуы мүмкін? Біз бақытқа табыс арқылы қол жеткізгіміз келеді: мінсіз жұмыс іздейміз, пәтеріміз мен жанымыздағы сергіміз де мінсіз болғанын қалаймыз. Бірақ бәріне қол жеткізген соң рахаттанудың орнына ішіміздегі әлемнің босап қалғанын ұғамыз. Әрине, мұны бір емес, бірнеше рет естігеніңіз анық: бақытты іздеу үрдісі бақытсыздыққа алып келеді. Бірақ, мұны  ғылымда бақыттың жоқ болуымен емес, адам өмірінің мәнсіздігі мен мағынасыздығы арқылы түсіндіреді. Бақытты өмір мен мәнді өмірдің арасында қандай айырмашылық бар? Эмили бұл сұрақтың жауабын табу үшін бес жылын ізденіске арнаған. 

бақыт.jpg

Жүздеген ғылыми мақаланы оқып, жүздеген адаммен сұхбат жүргізген.  Ақыры, мәнді өмірдің негізі 4 бөлікке жіктеледі деген қорытындыға келген. 1.  Белгілі бір ортада (топ)  өмір сүру: Белгілі бір ортаның адамы болу  үшін өзіңіздің қасиеттеріңізді бағалайтын, дағдыларыңыздың қадірін білетін адамдармен жұмыс істеуге тиіссіз. Егер өзіңізді ыңғайсыз сезінетін болсаңыз немесе сізді ұнатпайтынын байқасаңыз, бірден ол ортаны алмастырыңыз. Өйткені, мұндай жерлер бойдағы өзіңізге деген сенімсіздікті қалыптастырады. 

2. Мақсат: Мақсат сіздің қалауыңыздан гөрі, өзгелерге ұсынатын мүмкіндігіңізбен тікелей байланысты. 

ке өзінің мақсаты емделушілерге қол ұшын созу десе, ата-ананың  мақсаты балаларын өсіру. Әрине, көп мақсат адамның кәсіби даму үрдісімен бірге жүзеге асады. Бірақ, жұмыс пен мақсат екі бөлек екенін ұмытпаңыз. Өміріңізге серпін беретін кез келген себеп мақсатқа айнала алады. 3. Қарым-қатынас: Бұл жерде адамдар арасында орнайтын қарым-қатынас емес, адам мен оның табиғатының арасындағы өзара үйлесімділікті сөз етпекпіз. Адам өзінің болмысымен сырласқан сәтте өзі құрған тар шеңберінен шыға алады. Мысалы, жазушылар жазу үрдісі кезінде өзін әлдеқайда бақытты сезінеді. Бір зерттеу кезінде қатысушыларға 1 минут бойы 60 метрлік ағашқа қарау тапсырылады. Кейін қатысушылардың бойынан өзгеріс байқалған. Өйткені, ол ағашқа қарап отырып адам түрлі ойлардың құшағына енеді. Яғни, өзіне қатысты ойлардан арылады. Біреу үшін ағаш керемет өнер туындысы болса, кейбіреуі жай ғана ағаш ретінде қабылдаған. Сәйкесінше, біреудің таным көкжиегі арта түссе, екіншісі өзінің шеңберінен шыға алмай дал болған. Яғни, бақыттан маңызды нәрсе ол – ойлау жүйесінің қалыптасуы. 4. Өзіңізді елестетіңіз: Өміріңіздің құрылымын, өзіңіз жүрген жолдарға зер сала отырып, өзіңіздің бүгінгі келбетіңізді сынау арқылы дами түсесіз. Ал, даму үрдісі адамға әрқашан рақаттану сезімін сыйлайды. Егер, қателіктер жіберген болсаңыз, оны өзгертуге қашанда уақытыңыз бар екенін ұмытпаңыз. Өзіңіздің өміріңізді бір ойлап көріңіз: бір оқиғалар сізге қалай әсер етті, нені жоғалттыңыз, нені өзіңізге алдыңыз? Өзіңізді бір күнде өзгерту мүмкін емес, бірақ сізде мақсат пен ұмтылыс пайда болады. Әрине, онымен бірге мәнді өмір де келеді. Өмірдің мәні  сіздің таңдауыңыз, жүретін бағытыңызбен тікелей байланысты екенін естен шығармаңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Жұбыңыз тезірек кездессін
Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу