Сізге күш беретін 2 тіркес

Oinet.kz 18-01-2019 916

"Fast Company" және "The mouse" басылымының журналисі Эбби Вулф (Abby Wolfe) өмірінде қолданатын ең негізгі екі тіркесімен бөлісті.  1. "Уақыт өте бәрі аяқталады" "Жоғары сыныпта футбол командасының мүшесі болдым. Жаттығу барысында 100 метрді 17 секундта жүгіріп, кері баяу ырғақпен 30 секундта келу керек. Осылай 10 рет қатарынан істеу міндеттелді.  Бұл сәтті қорқынышпен күтетінмін. Жүгіру мен үшін қиынға соқты. Денем ауыратын. Бірақ, бар жан-тәніңді салып жүгіруім керек еді. Өйткені, студенттік командаға қосылу арманым болатын. Осылайша, жаттығуға деген көзқарасымды өзгерттім. Әр секунд қиынға соқса да, бұның барлығы небәрі 15 минутқа созылатынын ұқтым. Ойланып қарасаңыз, тым қысқа уақыт аралығы". 

image.png

 Әр жаттығу алдында өзімді: "Келесі 15 минут қиын болады. Бірақ, уақыт бір орында тұрмайды. 16-минут өтеді, барлығы аяқталады", – деп сендірдім. Мен қиын сәтте емес, 16-минуттағы еркіндікті ойлауға тырыстым.  Уақыт өте бәрі артта қалатынын еске салып отырыңыз. Бірақ, жағымсыз істің аяқталуы үшін, оны бастау керек.  2. "Осы істі атқарсам, өзімді бақытты сезінемін" "Жаттығудан соң, өзімді бақытты сезінетінмін. Одан бөлек, күш біткендей болатын, жылдам жүгіре бастаймын. Бастысы, еркіндікті сезінемін.  Бірақ, бұл тек футболда емес, өмірде де іске асады. Мысалы, жұмысқа бармастан бұрын спортпен шұғылдануым керек болады. Бірақ, еріншектік пен ұйқы мазамды ала бастайды. Дегенмен, егер ұйқымнан тұрып, жаттықсам, өзімді бақытты сезінетінімді білемін".  Іске құлшына кірісе алмасаңыз, мынаны назарға алыңыз: істі аяғына дейін жеткізіп, нәтижесін көргеннен артық рахаттану сезімі жоқ.  Қорқынышыңызды жеңуге тырысыңыз. Сонда ғана, еш алаңсыз ұйықтап, еш алаңсыз серуендей аласыз.
Дереккөз: massaget.kz

Досты тануға арналған сұрақтар
Арманыңыздан бас тартпаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу