Арманыңыздан бас тартпаңыз

Oinet.kz 18-01-2019 786

Арманымыз шындыққа айналу үшін не керек? Еңбек, ерік-жігер, мүмкін қаражат шығар. Ал, шындығына келсек, тек дұрыс ойлана білу керек. Себебі, табысты басқару, жеңіс пен жеңілістердің барлығы біздің ойымызбен тығыз байланысты. Егер ойыңызды өзгертпесеңіз, ешнәрсені өзгерте алмайсыз. 

image.png

Егер үлкен нәрсені армандайтын болсаңыз, ең алдымен жағымсыз ойларды санаңыздан шығарып тастаңыз.  

1. Менің арманым мен мақсаттарым күте тұрады: Қашанға дейін ертеңге шегеріп жүрмексіз? Мүмкін сіз сәтсіздіктен, сыннан және сізді қоршаған ортаның түсініспеушілігінен қорқатын шығарсыз. Бірақ, өзімізге пайдасы жоқ затқа кеткен уақытымыздан қорқуымыз керек. Егер өз өміріңіз үшін мақтануды қаласаңыз, армандарыңыз туралы айта бермей, іске кіріскеніңіз жөн.  

2. Менің уақытым жоқ: Бұл –  «мен үшін аса маңызы жоқ» тіркесінің жасырын баламасы.  

3. Менің бойымда дарын жоқ:  Талант пен ақыл туралы ойлай бергенше, тәжірибе және өз бетімен жұмыс ұғымдарымен жақынырақ танысыңыз. Бұл дағдылар сіздің арманыңыздың есігін ашатын кілт іспеттес. Табандылық пен оқуға, үйренуге шыдамдылық қажет. Қателік жасай отырып дамитын адамдар қашанда дегеніне жетеді.  

4. Өте қиын: Өмірде ешқандай мәселе жоқ. Оны туғызатын адамның ойлары.  

5. Дайын емеспін: Мүмкіндік пайда болғанда ешкім өзінің дайын екенін сезбейді. Үлкен мүмкіндіктер адамға эмоционалды және зияткерлік тұрғысынан өсуге септігін тигізеді. 

Сонымен қатар, адам өзінің үйренген шеңберінен әрі асуы тиіс. Сондықтан, олардың бойында қорқыныш пен дайын емеспін деген ой туады. Бірақ, мүмкіндікті бір жіберіп алсаңыз, өмірлік жолыңызда сәл кідіріп қалатыныңызды ұққайсыз.  

6. Одан да жақсы істей алатын едім: Өмір – күрес алаңы. Сол уақытта бұйырмаса, демек, сізге өзге бағытта жүру керек. Өкініш пен іштей өзіңізді жей беруден ешнәрсе өзгермейді.  

7. Менің жолым болмайды: Нағыз сәтсіздік – бірнәрсені істеуге тырыспау. Ал, қалғаны тәжірибе. Егер, осы жолы қолыңыздан келмесе, демек, келесі жолы міндетті түрде іске асады.  

8. Маған ешкім қолдау көрсетпейді: Айналамыз толған сыншылар. Сіз оның орнына адамдарға дем беретін, мотивация беретін күшке ие болыңыз. Сәтсіздіктен соң қолдау көрсету – әлдеқайда бағалы. Ал, сіз өзгелерге қолдау көрсете бастасаңыз, сізге де жанашыр болатын жандар табылады.  

9. Мен ешқашан жыламаймын: Көз жасынан ұялуға болмайды. Онсыз біз тірі роботқа айналамыз. Көз жасы сіздің бойыңыздағы қиындықтардан босап, сәл сілкініп алуға мүмкіндік береді.  

10. Менің енді қиындықтарға төтеп беретін шамам жоқ: Кейде біз бұдан да артық нәрсеге лайықты секілді көрінеміз. Өзіңізді аяудың орнына, батыл қадам жасап, өзіңіздің өткеніңізді босатыңыз. Өмірде, мың рет сүрінсеңіз де, сіз қайта тұрып жүгіруге міндеттісіз. Әйтпесе, аяқ астында тапталып қаласыз.  Қандай жағдай болсын, арманнан бас тартуға болмайды. Өйкені, армансыз ешқашан еркіндікке қол жеткізбейсіз. 

Дереккөз: massaget.kz

Сізге күш беретін 2 тіркес
Жемқорлықты қалай жеңуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу