Йодқа бай тағамдар

Oinet.kz 09-02-2020 4252

Йод кез-келген жастағы адамдарға пайдалы. Оның жетіспеушілігі эндокриндік жүйені бұзады және жүйке жүйесіне қауіп төндіреді, сонымен қатар тістердің, шаштардың, тырнақтардың күйіне теріс әсер етеді. Денедегі осы микроэлементтердің жетіспеушілігін өнімдердің көмегімен қалай толтыруға болады?

cd63dc54d95380bd99bd0d31af0d7f90-quality_75Xresize_crop_1Xallow_enlarge_0Xw_740Xh_493.jpg

Йодталған тұз

Йодқа бай қарапайым әрі қол жетімді – тұз. Оның құрамында өнімнің әр тоннасына 10-25 грамм калий йодиді бар. Йодталған тұзды үнемі қолданып отырғанымызбен, оның артық болуы да ағзаға зиян екенін де ұмытпаңыз. Әрі тұздаға йод пісіру кезінде тез жоғалады, сондықтан дайындалған тағамға немесе салаттарға тұз қосқан дұрыс. Йодталған тұз 4 айға дейін сақталады. Осы уақыт аяқталған соң ол өз пайдасын жоғалтады. 

Балық және теңіз өнімдері

Бұл тағамдарды бәріміз білеміз, бірақ тағамға болатын аллергия мен тәбетіміз болмағандықтан көп тұтына бермейміз. Алайда теңіз өнімдері йодтың негізгі көзі болып табылады. Бұл тағамдар: теңіз балықтары, балдырлар мен қырыққабат, устрицалар, асшаяндар, крабдар. Йод теңіз өнімдерінің құрамына кіретін А, Е және Д дәрумендерімен қатысуымен сіңіріледі.

Жануарлардан алынатын өнімдер

Жануарларға сапалы әрі пайдалы азық берілсе, одан алынатын  ет, жұмыртқа және сүт де йодтың көзі болып табылады. Сондықтан, ағзадағы йод жетіспеушілігін дұрыстау үшін әуелі өнімнің сапасына мұқият қараңыз. Сүттің өзі йодты басқа тағамдардан алуға көмектеседі.

Көкөністер

Көкөністердің пайдасы құрамында йодтың болуымен ғана шектелмейді. Құрамында йод көп кездесетіндер көкөністер: қызылша, шалғам, салат, сәбіз, спаржа, үрме бұршақ, қызанақ, картоп, шпинат, қырыққабат, бұршақ, пияз, ревень.

Жемістер

Банан, қарақат, жүзім, алма, құрма, канталуп, лимон, өрік, қара өрік, мүкжидек және құлпынай сынды жемістердің құрамында йод көп. Сондықтан йод жетіспеген кезде және қалқанша безінің ауру қаупі бар кезде осы жемістерді молынан тұтынған дұрыс. 

Жаңғақтар

Құрамында йодқа ең бай өнім - грек және қарағай жаңғағы. Жануар етін тұтынбайтын жандар үшін бұл өнімдер йодтың көзі. Алайда, қуырылған өнімдерге қарағанда шикі жаңғақтарда йод аз мөлшерде болады.

Пияз және сарымсақтың пайдалы қасиеттері
Төмен калориялы диеталық өнімдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу