Ет мүшелеу мен табаққа тарту

Oinet.kz 11-03-2020 1448

«Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді» дейді қазақ. Олар: екі жамбас, екі ортан жілік, екі асықты жілік, бір бел омыртқа, екі сүбе, сондай-ақ, қабырға, төс, бір омыртқа, екі жауырын, екі тоқпан жілік, бір бұғана, бір мойын. 

koy4.jpg

Әдетте, кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, болмаса ірі қара малдың шекесін, қазы-қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді. Бас – қазақтың қадірлі асы. Басты үйтіп, жылы суға жуып, мұқият тазартады, жағын айырып, тісін қағады. 

Жылқының басын бөліп асады. Сиырдың басын сөз қуысына таяу кеңсірігінен бір шауып, маңдайын қақ жарып, үшке бөледі. Сондықтан әр шекесі бастың орнына жүреді. Сыйлы қонаққа жылқының шекесін тартпайды. Ол тек етпен бірге әкелінеді.

Төс пен құйымшақ – күйеу бала мен қызға арналған сыбаға. Жастарға да беруге болады.

Әйелге келетін бақ-берекені азайтатын әдеттер
Коронавирустан сақтану жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу