Орхидея: үй жағдайындағы күтімі

Oinet.kz 08-04-2020 3414

Орхидия өзінің сұлулығы әрі ерекше жаратылысымен өзге гүлдерден ерекшеленеді. Бұл әсем гүл жер шарының барлық жерінде, Антарктиданы есептемегенде, жайқалып өсіп, адам жанына қуаныш сыйлайды. Алайда осы ерекше гүлді өсірудің өзіндік қиыншылығы бар. Басынан айтайын, бұл гүл ерекше күтімді талап етеді. Алайда қорықпаңыз, орхидея үйдің терезесінің жақтауында жақсы өсіп тұра береді. Енді әсем гүлдің күтімі қалай болмақ?

1.-orhideja-v-gorshke.jpg

Бөлме орхидеясын жарықтандыру

Жарықтандыру – орхидеяны күтіміндегі ең басты фактор. Жарық тұрақты әрі жақсы түссе орхидея гүлдеп, жайнап өседі. Егер жарық жетіспесе гүлдің күтімі бұзылады, ал шамадан тыс көп жарықтың әсерінен гүл жанып кетуі мүмкін. Біз иұны қалай білеміз? Орхидеяға жарық жетіспесе оның жапырақтары қою жасыл түске боялады. Немесе жарықтың түсуі артық болса жапырақтары сарғайып, қоңыр дақтар пайда болады.

Орхидеяны үй жағдайында суару

Орхидеяның жайқалып өсуі оны суаруға тікелей байланысты. Табиғатта орхидеяның көпшілік бөлігі ешқашан болмайды, себебі оның тамыры ылғалдылыққы және судағы еріген тұздарға төтеп бере алмайды. Орхидеяның әрбір түріне арнайы суару жағдайлары қажет. Оны суарудың қарқындылығына ауа температурасы, жарықтың түсуі, орхидеяның маусымдық фазасы және арнайы құмырасы әсер етеді. 

Суаруға қанағаттанбағаның оның жапырақтарының солған және мыжылғанынан, ал артық ылғалдылықты жапырақтарының сарғайғанынан және тамырларының қарайып, шірігенінен байқауға болады. Жеткілікті суару орхидеяның жайнап гүлденуіне қажет болса, ал гүлденген соң және қысқы салқында ылғалдылықты азайту қажет.

Орхидеяны қалай дұрыс суғарамыз? 

Гүл салынған құмыраны бөлек ыдыстағы жылы суға 10-15 минут салып қойамыз немесе душтан жылы су ағызып топырағын ылғалдандырып, астындағы тесіктерден судың ағып кеткенін күтеміз. Екі жағдайда гүлді суарып болғасын ондағы судың толығымен ағып кеткенін күті қажет. Сосын барып оны сәнді ыдыстарға орналастырамыз. 

орхидея-9.jpg

Орхидея үшін топырақ және құмыра

Топырақ пен құмыраның басты атқаратын міндеті орхидеяны тік ұстап, тамырындағы ылғалдылықты сақтап әрі ауаны тұрақты өткізіп тұру. 

Орхидеяға арналған арнайы топырақтың құрамында қабық, табиға талшықтар, мүк, көмір, түйіршектелген саз, тығын және перлит немесе вермикулит қосылған құм бар. 

Орхидеяға арналған құмыралар себеттер, торлар, сым отырғыштар және ішкі қабатты ұстап тұратын арнайы ыдыстар жатады. 

Орхидеяға арналған температура

Орхидеяның танымал түрлері күндізгі +18-тен +27-ге дейін, ал түнде +13-тен +24-қа дейінгі температурада сақтау қажет. Көптеген орхидеялардың гүлдену шарттары күндізгі және түнгі температураның айырмашылығы.

Орхидеяның көп түрі температураның ауытқуына төтеп бере алады. Ұмытпайтын жәйт: температура төмендеген кезде, орхидеяны суаруды азайту қажет. Ал температура артса артық мөлшерде суару қажет.

Ылғалдылық және ауаның айналымы

Орхидеялардың көпшілігіне қажет ылғалдылық 60-80% құрайды. Егер сіздің үйде ылғалдылық төмен болса, онда торлары бар науалар (бақша орталықтарында сатады) қолдану қажет болады. Мұндай науалардың түбіне су құйып, үстіне қиыршық тастар төсейміз. Ең бастысы орхидеяның тамырына және түбіне ешқашан су тимеу қажет. Ыстық күндері орхидея су бүріккішті үнатады. Оны таңертең немесе түстен соң жасаған дұрыс, себебі түн ұзағына кеуіп қалады. 

Құлпынай: пайдасы мен зияны
«Әйел бақыты» гүлінің күтімі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу