«Әйел бақыты» гүлінің күтімі қандай?

Oinet.kz 08-04-2020 15036

Спатифиллум немесе «Әйел бақыты» - бұл нағыз шаңсорғыш. Ол ауаны шаңнан, зиянды түтіннен жақсы тазартады және кеңсе техникасының сәулесінен болатын зиянды азайтады. Сондықтан оны кеңсеге, үйде қонақ бөлмеге немесе компьютер мен теледидар бар жұмыс бөлмесіне қоюды ұсынамыз. 

pp_14_pla7139_pc2081_w2_sq-1224x1224.jpg

Халық бұл гүлді бірден «әйел бақыты» деп атады және оған қатысты мистикалық қасиеттер де бар:

  • егер жалғызбасты әйел гүлді алса, онда ол жақын арада өзінің әйелдік бақытын табады. Себебі спатифиллумның лақап аты – «әйел бақыты».

  • спатифиллум үй аурасын, энергиясын жақсартып және иелеріне амандық және бақыт әкеледі.

  • «Әйел бақыты» көңіл-күйдің барометрі.Егер үйде әркез ұрыс-жанжал, өзара түсіністік болмаса гүл ақырындап солып, гүлдеуін тоқтатады, тіпті өліп қалуы да мүмкін. 

  • ең бастысы, егер үйіңізде спатифиллум гүлдесе онда көптен кұткен нәрестелі боласыздар. Бұл гүл балалы болудан  үмітін үзген әйелдерге де көмегін тигізеді деп есептелінеді.

Енді осы ерекше гүлдың күтімі қалай болмақ?

Гүлі қалай көрінеді?

Спатифиллумда сабақ болмайды, тікелей топырқтан жапырақтар шыға бастайды. Егер «Әйел бақыты» гүлдемекші болса топырақтан кішкентай құлақты байқайсыз, сосын қажетті күтімнен соң ақ гүлге айналады. 

Бұл гүл жылы бөлмені ұнатады. Ауа температурасы +18-ден жоғары болғаны жөн. Ал +22, +23 гра дуста ол өзің өте жайлы сезінеді. Сондықтан нәзік гүлді салқыннан және азынақ желден сақтаңыз. 

Қалай суғарамыз?

«Әйел бақыты» гүлін жыл бойына суғару қажет. Тек қыстыгүні суаруды азайту қажет, өйткені гүлдің тамыры жаурап қалуы мүмкін. Ал басқа мезгілдерде гүлді еселеп суғарған жөн. 

Гүлді суғармас бұрын оны 12 сағат суда сақтау қажет. Егер спатифиллумның жапырақтары солып жатқанын байқасаңыз дереу суды шашыратыңыз. Айтпақшы, жапырақтарын әркез сумен бүркіп отырыңзы. Спатифиллум ылғалды ауаны жақсы көреді, сондықтан оны ылғалдандырылған құм немесе мүк науаларға отырғызу арқылы да гүлді бақытты ете аламыз. 

Screenshot_1.jpg

Үй жағдайында гүлді жарықтандыру

Шын мәнінде, «Әйел бақыты» гүлі жарыққа қатты мұқтаж емес, көлеңкелі жерде де өзің жайлы сезінеді. Бірақ сонда да оған арнайы күтім қажет. Егер гүлдің жапырақтары артығымен созылып және әркез кішірейіп жатса, демек гүлге жарық жетпей жатыр деген мағынаны білдіреді. 

Тыңайту (подкормка)

Гүл күтімі суарумен шектелмейді. Спатифиллум мезгіл-мезгілімен тыңайтқанды ұнатады. Ол үшін гүлдерге арналған тыңайтқыштарды сатып алсаңыз болады және гүлді аптпасына бір рет еркелетін отырыңыз. Қыста тыңайтқышты 2-3 аптаға қысқартсаңыз болады.

Гүлдеу кезеңі

Егер «Әйел бақытына» дұрыс күтім жасалса, онда оның гүлдену кезеңі бірнеше айға созылады. Осы уақытта оны мұқият қадағалаңыз: ескі гүлшоқтарын уақытылы кесіп тастаңыз, оларды қоңыр дақтары арқылы тани аласыз. Бұл жаңа гүлшоғырларының белсенді дамуына көмектеседі.

«Әйел бақыты» гүлінің жаулары:

  • құрғақтық топырақ, бұл жапырақтарының құрғап кетуіне әкеледі

  • салқындық: спатифиллуа гүлің 16 градустан төмен температуралы бөлмеде қалдыруға болмайды.

  • күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтаңыз.Бұл нәзік жапырақтарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Орхидея: үй жағдайындағы күтімі
«Доллар ағашы» гүлінің күтімі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу