Қант диабетімен ауыратындарға кеңес

Oinet.kz 13-04-2020 1108

Бұл дертпен ауыратындардың жағдайын жеңілдетуге мынадай әдістер жәрдемдеседі:

Screenshot_2.jpg

1. Күн сайын картоп, капуста, қызылша, топинамбур шырынын ішіп тұру керек. Таңертең және кешке тамақтан жарты сағат бұрын, стаканның үштен бірі мөлшерінде. 1 стакан балғын қатыққа (кефир) 1 шай қасық уатылған даршын (корица) араластырып, таңертең ашқарынға және кешке ұйқыға жатарда ішіп тұрса да болады. (8-10 күн). Бұл әдістер қандағы қант мөлшерін қалыпта ұстау үшін қолданылады.

2. Тәтті бұрыштың шырыны да қабынудың алдын алуда жәрдемші. 10-30 миллилитрден бастап, күніне 2-3 мезгіл, тамақтан 20 минут бұрын ішіп тұру керек. Кейін оның мөлшерін 150 миллилитрге дейін жеткізуге болады. (1 ас қасық бал қосу керек).

3. Итбүлдіргеннің (қызылжидек, брусника) кептірілген бір түйір жапырақтарын ыдысқа салып, үстінен 3 стакан су құйып, 10 минут қайнатады. Оны күніне 3 мезгіл, 1 стаканнан ішу керек.

4. Шағын 2 пиязды «духовкада» қабығымен пісіріп, суыған соң тұз қосып, нансыз, құр өзін жеу керек. Су ішуге де болмайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бір сағат өткенде таңғы тамақ іше беріңіз. Бір ай бойы осылай ету керек. Ол қандағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді.

5. Сарымсақты да пайдалануға болады. Ол үшін 100 грамм сарымсақ алып, «ботқа» болғанша езу керек. Үстіне 1 литр қызыл (құрғақ) шарап құйылады. Сосын оны күн сәулесі түспейтін жылы жерде екі апта тұндырады. Анда-санда шайқап қою керек. Дайын болғасын тоңазытқышта сақтап, күніне 3 мезгіл тамақтан бұрын1-2 ас қасықтан ішіп тұрса болады.

Мынадай да тәсіл бар: ыдысқа сарымсақтың 3-4 бөлшегін салып, үстіне жарты литр қайнап тұрған су құяды да, 20 минут жылы орап қояды. Оны күні бойы, шай ретінде ішіп тауысу керек.

6. Аздап топинамбур жеп тұрса да болады. Күн сайын, 3 мезгіл тамақтан 10 минут бұрын. Оның тамыржемісінен тұнба жасап ішуге де болады. Ол үшін үккіштен өткізілген 3-4 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 1 литр қайнаған су құяды. 2-3 сағат тұндырып, қант қоспай ішеді.

Н. ЖҮНІС.

«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Баклажанның (баялы) пайдасы
Грек жаңғағы: пайдасы мен зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу